21 Мамыр, 16:28

Мәдениет – ұлттың төлқұжаты

Eлімізде мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті. Бұл мерекеде ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлері алғысқа бөленіп, айрықша құрметке ие болады.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімін өткізіп, сөз сөйледі.

Жиында мемлекет басшысы: «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі» деп, қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатқанын атап өтті.

Бөлісу: