Жаңалықтар

Мәдениет басқармасы Максим Галкиннің кешіне қатысты мән-жайды айтты

Мәдениет басқармасы Максим Галкиннің кешіне қатысты мән-жайды айтты
Фото: instagram.com/maxgalkinru 31.08.2023 14:55 1193

Ресейдің танымал пародисі Максим Галкин Қазақстандағы концерттеріне жасырын тыйым салынғаны туралы мәлімдеген еді. Астана қалалық мәдениет басқармасы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 1 наурызында Астана қаласының "Мәдениет басқармасына” 2023ж. 8 қазанда Роза Бағланова атындағы "Қазақстан" орталық концерт залында Максим Галкиннің кешін өткізу туралы “TopBilet" ЖК директоры Р.Р.Аслановтан  № 271 кіріс хаты келіп түсті.

8 қазанда мұғалімдер күніне арналған концерт өткізілетіндіктен, кешті ұйымдастырушыларға басқа күнді немесе басқа ғимаратты таңдау ұсынылған. Ұйымдастырушылардан бұдан басқа хаттар түспегені мәлім болды.

Бұған қарамастан, Ұстаздар күніне арналған концертті басқа концерттік залда өткізу жоспарланғанын ескере отырып, ұйымдастырушылар қайта жүгінген жағдайда, ұйымдастыру комитеті тиісті заңнамаға сәйкес Максим Галкиннің кешін өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Максим Галкин әлеуметтік желіде Қазақстанды жақсы көретінін, бірақ концерттерін өткізуге белгісіз себептер барын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға