Жаңалықтар

Маңғыстаулық жол сақшысы қиындыққа тап болған шет елдік азаматқа көмек көрсетті

Беларустік саяхатшы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді
Маңғыстаулық жол сақшысы қиындыққа тап болған шет елдік азаматқа көмек көрсетті
Фото: azh.kz 29.08.2022 11:31 1221

Маңғыстаулық жол сақшысы қиындыққа тап болған шет елдік азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданы ПБ ППР аға қызмет инспекторы Ж. Таджибаев әдеттегідей өзіне белгіленген аумағында қызмет ету барысында түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқайды.

Мән-жайды анықтау үшін полиция капитаны бірден азаматтың жанына барып, қандай көмек қажет екенін сұрады. Белгілі болғандай, ер адам Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай теңізге түсу үшін жаяу жол тартқан. Осылайша орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған.

Полицейлер туристке жедел көмек көрсетіп, оны қонақ үйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастады.

Беларустік саяхатшы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға