Жаңалықтар

Маңғыстаулық полицейлер Нидерланд мемлекетінен жүлдемен оралды

Олар полиция қызметкерлері Берік Абдрахманов пен Дидар Алғалиев
Маңғыстаулық полицейлер Нидерланд мемлекетінен жүлдемен оралды
Фото: polisia.kz 02.08.2022 15:10 1140

Маңғыстаулық полицейлер Нидерланд мемлекетінен жүлдемен оралды, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22-31 шілде күндері аралығында Нидерландтың Роттердам қаласында күш құрылымдары арасында спорттан дүниежүзілік ойын өткізілді. Бүкіләлемдік бұл тартысқа әлемнің 97 елінен барлығы 13 500 спортшы қатысты.

Олардың қатарында Маңғыстау өлкесінің намысын қорғаған ІІО қызметкерлері бар.

Атап айтсақ: ІІО зейнеткері Қайрат Ургешбаев, Маңғыстау облысы ПД ЖҚАЖ қызметкерлері Берік Абдрахманов, Жандос Сұлтанов, Мұса Бексұлтан, Мерген Калимжанов. Сондай-ақ Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметкері Дидар Алғалиев. 

Бүкіл әлем күш құрылымдары арасындағы бұл додада бокстан 75 келі салмақ дәрежесінде полиция капитаны Жандос Сұлтанов, каратэден 70 келі салмақ дәрежесінде тәртіп сақшысы Мұса Бексұлтан мен 75 келі салмақ дәрежесінде полицей Мерген Калимжанов бірінші орынды иеленді. 

Сонымен қатар, бокстан екі қызметкер күміс медаль иеленді. Олар полиция қызметкерлері Берік Абдрахманов пен Дидар Алғалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға