Жаңалықтар

Маңғыстаулық Армен Саакян – жеңімпаз!

Ол «Бала дауысы» байқауында Гран-при иегері атанды
Маңғыстаулық Армен Саакян – жеңімпаз!
20.10.2020 10:57 3226

Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" қоры өткізген "Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауының мерейтойлық маусымының финалы өтті.

Маңғыстаулық Армен Саакян – жеңімпаз!

Қашықтық іріктеу туры 2020 жылдың 15 наурызынан 15 мамырына дейін жалғасқан еді, оған 8 жастан 12 жасқа дейінгі 4 135 бала қатысты. Финалдық концерттік бағдарламалар аясында үлкен сахнада өнер көрсетуге еліміздің 17 өңірінен тек 20 финалист-бала ғана іріктелді. 15 қазанда "Бала дауысы "үздік әндері" концерті өтіп, онда 14 облыстың, Шымкент, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының 20 финалист-балалары конкурс шеңберінде 2016 жылдан бастап жазылған авторлық балалар әндерін орындады.

Ал 17 қазанда "Ұмай қайырымды ертегілері" гала-концерті өтті. Финалдық концерт финалист балалар, эстрада әртістері жаңа авторлық әндерді, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік эстраданың танымал хиттерін орындаған музыкалық спектакль форматында болды. "Бала дауысы" мерейтойлық маусымының бас жүлдесін Маңғыстау облысынан келген Армен Саакян жеңіп алды. Армен Саакян Қазақ ұлттық өнер университетінде оқуға грант алды. 12 жастағы Арменнің керемет қойылымы кәсіби қазылар алқасын бей-жай қалдырмады!

Армен 7 жасынан бастап кәсіби вокалмен айналыса бастаған. Эстрада шеберлігін ол Нұргүл Медербекованың жетекшілігімен NM студиясында үйреніп келеді. Жас дарынның репертуарында ана тіліндегі әндерден басқа қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдеріндегі әндер бар. Армен Грэпплинг күресімен де айналысады. Ол Ақтау мен Маңғыстау облысының бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Грэпплинг Қауымдастығының мүшесі. Жеңісің құтты болсын, Армен!

(Сурет ашық ғаламтор көзінен алынды)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға