Жаңалықтар

Маңғыстауда жол апатынан төрт адам қаза тапты

Желіде апат орнынан түсірілген видео жарияланды.
Маңғыстауда жол апатынан төрт адам қаза тапты
31.07.2022 00:11 1119

Республикалық Ақтау - Бейнеу тасжолының 325-шақырымында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды El.kz.

Қайғылы оқиға 28 шілдеде түс ауа болған. Lada Priora көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes Benz S-320 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Желіде апат орнынан түсірілген видео жарияланды.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші, Lada Priora көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан қаза болды. Сонымен қатар, екі жолаушы зардап шекті, олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жатқызылды, - деді облыстық полиция өкілдері.

Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданының полиция бөлімінде соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға