МАҢҒЫСТАУДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ «ДОСТЫҚ ДАСТАРҚАНЫ» БАУЫРСАҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Маңғыстау облысының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Достық дастарқаны» бауырсақ байқауы өтті.
Іс-шараға аймақтың беделді азаматтары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мектеп оқушылары және БАҚ қатысты.
Әр ұлт өкілдері жайған «Достық дастарқаны» еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, елдегі тұрақтылықты сақтап, Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендетуді және дамытуды көздейді.
Бауырсақ байқауының комиссия мүшелері І орынға «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі, ІІ орынға белорусь этномәдени бірлестігі мен ІІІ орынға «Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени бірлестігі лайық деп таныды.
Сонымен қатар іс-шара аясында Тәуелсіздік күніне арналған «Менің тәуелсіз Қазақстанға қосқан үлесім» тақырыбында өткізілген эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті:
І орын – №28 орта мектебінің оқушысы Глеб Петропавловский, ІІ орын – №5 орта мектебінің оқушысы Нилюфан Нагметуллаева, ІІІ орын – №7 орта мектебінің оқушысы Садаф Мамедова.
Жеңімпаздарға алғыс хат және сыйлықтар тапсырылып, іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.