Жаңалықтар

Маңғыстауда ҚХА-ның Жігіт сұлтаны анықталды

Маңғыстауда ҚХА-ның Жігіт сұлтаны анықталды
06.12.2019 11:43 2863

Ақтаудағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Жігіт сұлтаны - 2019» байқауы өтті. Оған аймақтағы этнос жастары қатысты.

Маңғыстауда ҚХА-ның Жігіт сұлтаны анықталды

«Бұл шара арқылы біз қазақтың салт-дәстүрлерін, ұлттық құндылықтарын насихаттап, этнос жастарын қазақ елін, жерін құрметтеуге, отаншылдыққа, батырлыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеуге тырыстық.

Мұндай шараларды этнос жастары арасында көптеп өткізудің тәрбиелік мәні зор. Байқау жастарды жігерлілік пен ұстамдылыққа, тапқырлық пен ақылдылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелейді», - дейді ұйымдастырушылар.

Бойында ақындық қасиеттері бар талантты 8 жігіт байқауға қатысуға бел буып, бар өнерлерін ортаға салды. Бірі қазақтың ханы Абылайдың батырлығын бейнелесе, енді бірі ұлы ақын Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқып берді.

Маңғыстауда ҚХА-ның Жігіт сұлтаны анықталды

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды қарақалпақ ұлтының өкілі Бекболат Арзиев, ІІ орынды әзірбайжандық Рауль Алыев, бас жүлдені татар өкілі Альмир Ержан қанжығасына байлады. Жеңімпазларға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға