Жаңалықтар

Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері мұқтаж отбасыларына көмектесті

Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері мұқтаж отбасыларына көмектесті
21.08.2018 02:28 2372

21 тамызда Ақтау қаласындағы «Бекет ата» мешітінің алаңында Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері Құрбан айт мейрамын тойлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстағы 21 этномәдени бірлестіктердің төрағалары мешіт алаңында киіз үй тігіп, келген халыққа арнайы дастархан жайды. Құрбан айт мерекесі аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде және әлеуметтiк себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету мақсатымен «Мектепке жол», «Жомарт жүрек АСАР» акциялары өтті.

Акция барысында «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестік төрағасы Курбанали Газизбеков балаларға 2 тонна қауын-қарбыз, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестік төрағасы Шамсадин Аллахвердиоглы, «Вайнах» ингуш және шешен этномәдени бірлестігі 25 отбасыға мекенжай бойынша қой етін, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігі, «Ақтау ұйғырлары» этномәдени бірлестігі, «Салават» башқұрт этномәдени бірлестігі мұқтаж отбасыларын азық-түлікпен, ал «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі 10 баланы оқу-құралдармен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер де акцияға барыгша өз үлестерін қосты. «Ана мен бала» ҚҚ басшысы Дәметкен Шакенова 40 оқушыны мектепке арналған киім-кешекпен қамтамасыз етсе, ЖШС «Айна» басшысы 50 000 тенге қаржылай көмек берді, жеке кәсіпкер Мадина Исамидинова балаларға тәттілер үлестіріп берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға