Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері Конституция күнін атап өтті
04.09.2018 10:08
1732
Ақтау қаласында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң!» мерекелік шарасы өтті.
Оған этномәдени бірлестік өкілдері, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенді жастары, №2015 әскери бөлімінің сарбаздары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.
«Дағыстан» этномәдени бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев пен «Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Базарбай Ханназаров жиналған қауымды мерекемен құттықтап, мерекелік шара одан ары қарай жас орындаушылар мен ансамбльдердің орындауындағы концертпен жалғасты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сөз төркінін түсінген жөн