Жаңалықтар

Маңғыстау облысының азаматтары Қостанайға барды

Біз Әулиекөл ауданына бардық. Жағдайды өз көзімізбен көріп, бірнеше зардап шеккен тұрғындармен кездестік.
Маңғыстау облысының азаматтары Қостанайға барды
Фото: дереккөз 06.09.2022 21:54 1528

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сәйкес Қостанай облысындағы орман өрті болған жерге Маңғыстау облысынан делегация барды, деп хабарлайды EL.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегацияны Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, сондай-ақ құрылыс компанияларының құрылтайшылары Жұмабай Әділбеков пен Иса Бимырзаев басқарды. Делегация сапары барысында орман өртінің салдары туралы ақпарат жеткізілді.

Біз Әулиекөл ауданына бардық. Жағдайды өз көзімізбен көріп, бірнеше зардап шеккен тұрғындармен кездестік. Өкінішке орай, өрт бірнеше мың адамды эвакуациялауға мәжбүр етті, мыңдаған ғимараттар жарықсыз қалды, үйлер қирады. Бұл трагедия ешкімді бей-жай қалдырмады. Бүкіл ел бойынша зардап шеккендерге қаражат пен заттар жинау ұйымдастырылды. Маңғыстау облысы да қалыс қалмады. Тұрғындар осы қиын-қыстау кезеңде қостанайлықтарға шынайы ықылас пен қолдау білдіріп, жылы лебіздерін білдіруде, - деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Жұмыс сапары барысында Маңғыстау облысының делегациясы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті. 

Өз кезегінде өңір басшысы жұмыс тобына және Маңғыстау облысының барлық тұрғындарына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға