МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «ЕЛОРДА – ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
05.07.2019 17:33
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінде Елорда күніне орай «Елорда – елімнің жүрегі» байқауын өткізді.

Шара барысында мектеп жанындағы «Алау» балаларды сауықтыру лагерінен 50 бала, «Қарлығаш» лагерінен 90 бала жиналып, сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар викториналық сұрақтар да ойнатылды. Ойы зерек, ұтқыр бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар берілді.

Сурет байқауына ҚР Журналистер Одағы мүшесі Наталья Задерецкая, кәсіпкер Асқар Сағытжанов, суретші Жансая Киікбай қазылық көрсетті.

Ерекше көзге түскен бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. Шара соңында Достық үйінің кинозалында балаларға «Қажымұқан» мультфильмі көрсетіліп, тәтті балмұздақтар таратылды.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

