Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
15.11.2018 11:09 1971

Ақтау қаласының Достық үйінде облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен «Жарқын болашаққа – Жаңғыру жолымен» тақырыбындағы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясы өтті.

Отырыс жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Виталий Тварионас, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нәзипа Шанаи,  Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері,  қала және аудан әкімдері, мәслихат хатшылары мен депутаттары, облыстық және аумақтық басқарламалар мен департаменттер басшылары, облыстағы этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, кәсіпорындар мен мекемелер басшылары қатысты. 

Облыс әкімі аймақта Ассамблея аясында жасалған жұмыстарды қорытындылап, Ассамблеяның өңірдегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, облыстағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына айтулы үлес қосып келетіндігі туралы айтып өтті.

По итогам работы сессии глава региона вручил благодарственные письма членам областного этнокультурного объединения за активную общественную деятельность, за вклад в духовное развитие общества, укрепление национального единства.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға