Жаңалықтар

Маңғыстау облыстық ҚХА мүшелері Қошқар-Ата Қорым аумағын абаттандырды

Маңғыстау облыстық ҚХА мүшелері Қошқар-Ата Қорым аумағын абаттандырды
17.04.2019 00:00 3819

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Жеңіс мерекесіне орай Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Ақтау маңындағы Қошқар-Ата қорымында сенбілік ұйымдастырылып өткізілді.

Қаламен қатар тарихи орындарды да таза ұстауды алдарына мақсат қойған сенбілікке қатысушылар жастарды қоршаған ортаны қорғап, тарихи ескерткіштерді қастерлеп сақтауға үйретті.

Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан Қошқар-Ата қорымы көне дәуір ескерткіштерінің бірі болып саналады.

Еңбек мерекесі дұға оқумен басталды. Жиналғандар дініне немесе ұлтына қарамастан бір үйдін баласындай алақандарын жайып, зиярат етті. Сенбілікке қатысқан ақсақал Әсимжан Әлімжанов осындай көріністер адамды қуантып жігерлендіреді, бұл достық пен татуластықтың жарқын көрінісі екендігін айтты.

«Бүгінгі отырызылған жас бұтақтар болашақта үлкен ағаш болып өсетіні сөзсіз. Бізбен бірге сенбілікке жастардың да келгені көңілге  қуаныш ұялатады», – деді «Сакартвело» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Автандил Гавашелишвили.

«Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласында халықтың мәдени мұрасы, символдық, қасиетті және мәдени-тарихи заттар туралы тақырып қозғалды. Жалпы алғанда, бұл маңызды өлкетану жұмыстары басталғанын білдіреді. Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған акциясы осы тақырыптың көрінісі болып және ұлт Көшбасшысының бағдарламалық идеяларын іске асыратын үлгі болып табылады», – деді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бағдат Қуандық.

«Уйгуры Актау» этномәдени бірлестігінің төрағасы Әділжан Әлімжанов алыстан қонаққа келген әкесі Әсимжан ақсақал да сенбілікке өз ықыласымен қатысып, жастарға ерікті еңбектің үлгісін көрсеткенін айтады.

Қолдарына тырма, сыпыртқы, күрек алған белсенділер қыстан қалған шөп, ағаш жапырақтарын тырмалап, жас көшеттер отырғызды.

Сонымен қатар темір қоршаулар сырланып, ағаш түптері әктелді.

Сенбілікке бір кісідей ұйымдаса қатысқан әр ұлттың өкілдері барша адам қоршаған ортаға жанашырлықпен қараса екен деген тілектерін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға