Жаңалықтар

Мәжіліс депутатымен кездесу

Мәжіліс депутатымен кездесу
30.03.2018 05:20 1310

2018 жылдың 29 наурызы Достық үйі ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін түсіндіру бойынша ҚР Мәжіліс депутаты – Р.У. Ким Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

 Аталған кездесу Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, Аналар, Ақсакалдар және Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу отырысын «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашып, жүргізіп отырды.

Үндеудегі бастамалар бойынша ҚР Мәжіліс депутаты Р.У. Ким: 

  • «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»
  •  «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»
  • «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту,
  • «Шағын несие беруді көбейту
  •  «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» мәселелері бойынша сөз қозғап, өз ойын білдірді:

«Елбасының Үндеуі Қазақстанның экономикалық әлеуетінің зор екенін көрсетіп, халықты айрықша қуанышқа бөлеген ұмытылмас жаңалық.

Президенттік әлеуметтік бес бастамасы барлық қазақстандықтарды қамтып, олардың асыл армандарына жол ашып береді және еліміздің бақуаттылығының негізі болып табылатын әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталып отыр», - деп атап өтті.

Қатысушылар аталған Үндеу бойынша өз пікірлерін ортаға салып Елбасының Үндеуін қолдайтындығын білдірді.   

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға