Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «ЗЕРЕНДІ» ЖШС АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «ЗЕРЕНДІ» ЖШС АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БОЛДЫ
24.04.2019 00:00 2207

22 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында орналасқан «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығы ЖШС-де көшпелі отырысы өтті.

Іс-шара барысында Мәжіліс депутаттары ешкі сүтін және одан жасалған өнімдерді: жұмсақ және қатты ірімшік, брынза, риккота, құрт, йогурт, айран, сүзбе өнімдерін дайындаудың технологиялық үдерісімен танысты.

Сонымен қатар Парламент мүшелерімен серіктестік қызметінің келешек бағыттары ұсынылды: жем-шөп базасын құру; жем-шөп өндіру цехын жаңғырту; жартылай фабрикаттар мен субөнімдерді қайта өңдеу және шығару, сүт зауытының қуатын арттыру.

Қазақстанда астық өсірумен, мал өсірумен байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің дәстүрлі түрлерінен басқа, тауашалық (нишевые проекты) жобалар да табысты дамуда. Бұл ретте олар экспортқа да, ерекше позициялар бойынша ішкі сұранысты қанағаттандыруға бағдарланған.

2016 жылы «Зеренді» асыл тұқымды ешкі шаруашылығын құру жобасы бастау алған болатын. Бүгінде оның толық өндірістік кешені бар – табынды ұстау, сүт дайындау, өндірістік желі. Сауу «параллель» жүйесі бойынша итальяндық жабдықтармен жүзеге асырылады. Жылдам әрі таза.

Шаруашылықта мыңнан астам Заанен тұқымды ешкі бар. Олар Нидерландыдан әкелінген. Сол жерде «Зеренді» мамандары ешкіге күтім көрсету, азықтандыру және сауу бойынша оқудан өткен. Егер талаптарды дұрыс орындаса, тәулігіне тоғыз литрге дейін сүт алуға болады.

Қазіргі уақытта әлемде ешкі сүтіне сұраныс көбейген. Ол сиыр сүтіне қарағанда әлдеқайда жеңіл, өйткені құрамы үйлестірілген. Ешкі сүтінің құрамындағы ақуыз бен майы ерекше, асқазанда түйіршектелініп қалмай, сіңімді келеді. Осы қасиетіне сәйкес оны ана сүтімен алмастыруға болады, сонымен қатар ағзаның тітіркенуіне қарсы пайдасы мол.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға