Жаңалықтар

Мәнізоров алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Мәнізоров алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
30.06.2022 06:30 1049

Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоров "қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген күдікке ілінген, деп хабарлайды EL.KZ. 

Бұл туралы Бас прокуратура КазТАГ-тың ресми сауалын жауап беру барысында мәлімдеген.

Алматы қалалық полиция департаменті М.А. деген азаматтың шағымы бойынша 2022 жылы 13 мамырда қылмыстық іс қозғаған - дейді бас покуратура.

Басылым "Мәнізоров бірнеше базардың иесі" және "шағымданушының талабы базарға байланысты" деп жазады.

2019 жылы қыркүйекте жемқорлықпен күрес қызметі Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғанын хабарлаған. Көп ұзамай "қылмысы жотығына байланысты" қайта босаған. Жемқорлықпен күрес қызметі "мұнымен келіспейтінін, қарсылық жазатынын" мәлімдеген. 2019 жылы бас прокуратура жемқорлықпен күрес қызметінің істі қайта қозғау туралы шағымынан бас тартқан.

Бағдат Мәнізоров 2020 жылдың ақпанына дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болған. Оған дейін Алматы қаласында жоғары лауазымды қызметтер атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға