Жаңалықтар

Мұнай-газ саласында жарты жылда 3 240 жұмыс орны құрылды – Энергетика министрі

Жыл соңына дейін қосымша 689 жұмыс орнын құру жоспарланып жатыр
 Мұнай-газ саласында жарты жылда 3 240 жұмыс орны құрылды – Энергетика министрі
Фото: ortcom.kz 03.08.2022 14:21 1156

2025 жылдың соңына дейін шамамен 34 мың жұмыс орнын құра отырып, 73 жобаны іске асыру жоспарланған, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Энергетика министрі Б.Ақшолақов айтты.

– Осы жылы 14 жоба іске асырылып, 9,5 мың жұмыс орны құрылатын болады, оның ішінде 1-ші жартыжылдықта 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды,–деді министр.

Министр отын-энергетика кешенінің ең перспективалы салаларының бірі – мұнай-газ-химиясы екенін атап өтті.

– Еліміздің батыс бөлігінде мұнай-газ-химияны дамыту үшін қажетті көмірсутек шикізатының кен орындары шоғырланған. Атырау облысында биыл қуаты жылына 500 мың тонна болатын әлемдегі ірі полипропилен өндірісінің бірін (ТОП-10) іске қосу жоспарланып отыр.Осы жылдың 2-ші жартыжылдығында өнімнің 1-ші партиясын алу жоспарланып отыр,–деді Б.Ақшолақов.

Энергетика министрі 2024 жылға дейін Атырау облысында Қашаған кен орнынан алынатын шикізат базасында қуаты 1 млрд.м3 шикі газ шығаратын газ өңдеу зауытын және Батыс Қазақстан облысында қуаты жылына 130 мың тонна метанол өндіру зауытын салуды аяқтау жоспарланып жатқандғын айтты.

– Қуаты жылына 1,2 млн.тонна полиэтилен және жылына 186 мың тонна бутадиен өндіру жобалары пысықтаудың әртүрлі сатыларында. Осы жобаларды іске асыру шеңберінде тартылатын инвестиция сомасы – шамамен 14 млрд. АҚШ долларын құрайды және 2025 жылға дейін 14 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады,– деді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар министр осы жылдың 1-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша мұнай-газ саласында 3 240 жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін қосымша 689 жұмыс орнын құру жоспарланып жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға