Жаңалықтар

Мұнай-газ нарығына қатысты портал іске қосылды

Өнеркәсіп
12.07.2016 09:34 2844

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Алаш» порталының ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтті.

Мұнай-газ нарығына қатысты портал іске қосылды

«Алаш» – мұнай-газ нарығындағы жаңа мүмкіндіктер порталы. Баспасөз мәслихатында жобаны әзірлеуші "Алгоритми" компаниясының сауда жөніндегі директоры Марк Лойе порталға қазақстандық компаниялардың тегін тіркеле алатынын айтты.

Лойенің айтуынша, «Алаш» деректер қоры базасы – тапсырыс беруші операторлар мен мердігерлерді тауар мен қызмет түрін жеткізушілермен байланыстыратын теңдесі жоқ жоба. Қазақстандық компаниялар порталға тегін тіркеліп, өздерінің біліктілігіне қатысты анықтама ала алады. Сонымен қатар, олардың ірі мұнай-газ жобаларына кедергісіз қатысу мүмкіндігі бар. Бұдан былай қазақстандық компаниялар «Теңізшевройл», «ҚарашығанақПетролиумОперейтинг» және «NCOC» компанияларының тендерлеріне қатыса алады. Бұдан бұрын олардың тендерлер жабық сатып алу бойынша өткізіліп келген еді.

«Алаш» порталы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Мәліметтер үш тілде қатар жарияланады. Портал шетелдік компанияларға ақылы түрде қызмет көрсетеді. Тіркелу құны -170 мың теңге. Порталға тіркелу оңай жүзеге асады. Бастысы, құжаттар қатесіз толтырылса, болғаны.

Порталды жасаушылардың ойынша, бұл жоба қазақстандық компаниялардың дағдарыс кезеңінен аман өтіп, шетелдік өнеркәсіп орындарымен әріптестік құруына септігін тигізеді.

Жансая ТӨЛЕГЕН

Сурет: zakon.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға