Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін білім гранттарының саны артуы мүмкін
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz
03.08.2022 12:29
2274
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың сапалы жоғарғы білім алуы үшін арнайы концепция әзірленеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Facebook парақшасында жазды,– деп хабарлайды El.kz.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың сапалы жоғарғы білім алу концепциясының жобасын әзірлеуді тапсырдым.
Сейфуллин атындағы КазАТУ университетінің қауымдастырылған профессоры Таңсәуле Серіковпен кездесу барысында мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жоғарғы оқу орындарында бакалавриатқа бөлінетін жеке білім гранттарының мөлшерін 1 пайыздан ұлғайтуды қарастыру мәселесін талқыладық. Сонымен қатар магистратура және докторантураға мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеке мемлекеттік білім гранттарын бөлу және ЖОО-ның ғимараттарын мүгедектігі бар адамдар үшін жабдықтау туралы талқыладық», – деп жазды министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға