Жаңалықтар

Мүгедектікті анықтау бойынша 39 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті
Мүгедектікті анықтау бойынша 39 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды
Фото: gov.kz 04.10.2022 10:07 1421

Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен 39,3 мың өтінім қаралды. Қазіргі уақытта жобаға 625 медициналық ұйым қосылған, деп хабарлайды El.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Пилоттық жоба арқылы 2022 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша сырттай қызмет көрсетумен қамтуды 20% - ға дейін жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 22,6%-ды құрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, оларды қағазбастылықтан арылтуды,  инстанциялар бойынша жүруін және қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске асыруда.

Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Жалпы, сырттай куәландыруға көшу:

- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

- үйден шықпай-ақ мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша қызметтер алуға мүмкіндік береді;

- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға