Жаңалықтар

Мүгедектігі бар адамдардың 11 мыңнан астамының құқықтары қорғалды – Бас прокуратура

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті
Мүгедектігі бар адамдардың 11 мыңнан астамының құқықтары қорғалды – Бас прокуратура
Фото: egemen.kz 04.08.2022 17:35 990

Прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуын тексеру аясында 1,8 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. Олардың 11 мыңнан астамының құқықтары қорғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz.

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша жеті аудандық және қалалық әкімдіктің қаулылары осы санаттағы адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын ұлғайту арқылы өзгертілді.

«Қостанай облысында прокуратураның араласуынан кейін психоневрологиялық интернатта тұратын мүгедектігі бар адамға тиесілі пәтерге үшінші тұлғаның меншік құқығын тану туралы сот шешімінің күші жойылды. Алматы қаласының прокуратурасы «Жанұя» мамандандырылған кешенінің 23 тәрбиеленушісіне асыраушысынан айрылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақы осындай төлемдерге құқық алған сәттен бастап 5-10 жылдан кейін тағайындалғанын анықтады. Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар есебінен балаларға 10,6 млн теңге өтелді.Ақтөбе облысының прокурорлары мүгедектігі бар 40 студентке мемлекеттік стипендия төлеуді қамтамасыз етті», – делінген хабарламада.

Жалпы, прокуратура органдарының тексеру нәтижелері негізінде осы салада 12 сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мысалы, Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің дәрменсіз қамқоршыларының дербес және биометриялық деректерін пайдалана отырып, өздеріне ақша қаражаттарын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды аударды. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – делінген хабаламада.

Тексеру нәтижесінде барлығы 336 қадағалау актісі енгізілді, 130 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті жерлердегі уәкілетті органдар прокурорлар анықтаған заң бұзушылықтарды жою және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауға кірісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға