Ұлытауға қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан «Тальго» пойыздары қатынай бастайды
10.08.2022 12:10
Фото:
ortcom.kz
«Ұлытау облысына көлік қатынасын дамыту мақсатында биыл қыркүйектен бастап Жезқазған қаласына «Тальго» пойыздары қатынайды, – деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі мәлімдеді.
Ол үшін күн ара № 65/66 «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» және № 73/74 «Алматы-2 Жезқазған» бағытындағы пойыздар жолға шығады», деді ведомстводан.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жыл басынан бері жолаушылар пойызына жүргізілген тексерістер нәтижесін жариялады.
300 пойыз тексеруден өтіп, оларда 700-ге жуық олқылық табылған. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Бұдан бөлек, мәлім етілгендей, қазір пойыз билеттерінің алып-сатарлығымен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүріп жатыр.
Осыған орай ҚР ИИДМ Көлік комитетінің тапсырмасы бойынша жол жүру құжаттарын сатып алу және қайта сату фактілерінің жолын кесу мақсатында аумақтық бөлімшелер Көлік полициясының және Мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп теміржол вокзалдарында жұмыс жүргізіліп жатыр.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады