Жаңалықтар

Ұлыларды тыңдамаңыз: Стив Джобстың өмір салты сізге еш көмектеспейді

Еліктеу қайдан шығатындығын түсіндіретін мақала
30.10.2015 03:45 8728

Ұлыларды тыңдамаңыз: Стив Джобстың өмір салты сізге еш көмектеспейді Желіде танымал адамдардың өмір салты туралы материалдар өте көп. Бальзактың қалай жұмыс істегендігі, Франклин күнін қалай бастағаны және Кафка нешеде ұйқыға кететіні туралы деректер қызық. Бірақ олардың өмір салтын ұстану арқылы солар жеткен сәттілікке жетемін деп ойлау ақымақтық. Адам ойлауының негізгі мәселесі – нарративті бұрмалау. Яғни, күрделі сюжеттерді бұрмалап, оларды қысқа, әрі түсінікті оқиларға айналдыру. Осы құбылыстың себептері мен салдары жайында 99U.com сайтының редакторы Шон Бланда мақаласын қазақ тілінде ұсынамыз.

Нарратив (ағыл. және фр. – narrative) – өзара байланысқан оқиғаларды оқырман, не тыңдарманға сөздер мен бейнелер (образ) арқылы жеткізу. Нарративизмнің негізгі идеясы ретінде финалды субъективті көзқарас негізінде түсіндіру.

Интернетте әр сағаты есептеулі Бенджамин Франклиннің күн режимі туралы көп ақпарат таба аламыз. Жазылған ақпараттың дәлелі ретінде мына сурет пайдаланылады. Оқырмандарға осыны үлгі ретінде алу ұсынылады. Сонымен қатар журналистер мен блогерлер жазушы Майя Энджелоу мысалын келтіруді жақсы көреді. Тыныш жерде жұмыс істеу үшін жазушы қонақ үйдің бөлмесін жалға алады екен. Стив Джобс жас кезінде аскеттік өмір салтын кешкен. Тек негізгі қажетті заттарды ғана пайдаланған. Мыңдаған айтишниктер оған ұқсағысы келіп, оның өмір салтын көшіріп жатады.

Әрине ұлылар алдында бас ұру жаман құбылыс емес. Кейбір адамдар үшін танымал тұлғалар шабыт береді. Бірақ еліктеу олардың өмірін тым қарапайым ретінде көрсетеді. «Уоррен Баффет секілді ойлаудың 8 тәсілі», «Сократ әдісі: өміріңді жақсарту жолы» секілді тақырыптары көпшілікті қызықтырады. Сонымен қатар интернет арқылы кең таралып жатады. Қорытындысында танымал тұлғалар өмірінен бір-екі фактыны жұлып алып, интернетке шығарады, кітап жазады. Осылай оқырманды ұсынылған әрекеттерді қайталау сәттіліктің кілті деп сендіреді. Бұл сол адамдарды сәттілікке жетелеген әрекет етіп көрсетеді.

Нәтижесінде шынайы жұмыс істегеннің орнына, ұлы тұлғалардың «өнімділік құпияларын» пайдаланатын «жоба жасағыш кәсіпкерлер» мен «диванда отырып жұмыс істейтіндер» пайда болады. Қазіргі миллиардерлер де бұл дертке шалдыққан. Square компаниясының негізін қалаушы Джек Джорси сәттілікке көбірек жету үшін Стив Джобсқа еліктеген. Кейде еліктеу тіптен күлкілі жағдайға дейін барған. Сол туралы Ник Билтон өзінің «Твиттердің» пайда болуы» кітабында жазған:

«Apple-дің танымал программистінен Стив өзін компанияның директорынан гөрі, редактор ретінде көретіндігін білді. Ұзамай Джек өзін редактор ретінде таныстыра бастады. Қызметкерлеріне арналған бір сөзінде былай деген: «Мен өзімнің жұмысым редакторлыққа тым жақын екендгін айтқанмын. Менің ойымша, мен жай ғана редактормын». Джек өз компаниясының өнімдерін таныстыру кезінде Стив Джобстың 2010 жыл басында өткен конференциялардың бірінде айтқан сөздерін пайдалана бастады. Ол сөз: «Бұны ешкім ешқашан істемеген». Кейін Джек Джобстың қоғам алдында жиі айтқан «ғажап», «кенеттен», «керемет» сөздерін Square өнімдерін таныстыруда пайдалана бастады.

«Ең жаманы, кумирдың әрекетттерін қайталау барысында адам өзінің мінезін (темперамент) тұншықтырады»

Мүмкін өзінің осы мінезі сәттілікті кілті болар. Нассим Талеб өзінің «Қара аққу» кітабында адамдар өздерінің дүниетанымдарына жақын әртүрлі оқиғаларды ойлап табуға бейім. Егер де сәтті адамдардың бәрінде күндізгі ұйқы болды деп ойласақ, онда біз Марк Цукербергтің түсте мызғып алатындығын еске түсіреміз. Егер де осыған байланысты қызықты оқиғаларды талдап, оқып шықса «сәтті» адамдардың барлығы істеу керек дүниелерді тізіп шықса болады.

«Миыңызда белгілі бір дүниетаным қалыптасқаннан кейін, соны растайтын ғана жағдайларды ескеретін боласыз. Қызық естіледі, бірақ сізде ақпарат көп болған сайын өзіңіздің пікіріңіз соншалықты берік болады», – деп жазады Талеб. Кейін ол адамдардың нарративке жақындығы жайында сөз қозғайды:

«Шығармашылық, ғылыми ізденістер әлемді қарапайым түрде түсіну қажеттілігінен туған. Бізде қоршап жатқан әлемді, оны құрайтын триллион заттарды ойлап көріңіз. Оларды сипаттап көріңіз. Сол кезде сипаттамаға баяндау үлгісін бергіңіз келеді. Роман, әңгіме, аңыз, ертегіде бір функция бар – әлемнің күрделілігінен құтқарып, хаостан қорғау. Аңыздар адамның әлемді түсінуі мен «адам тәжірибесін» ретке келтіреді.

Еске түсіріп көріңіз, стартаптарды гаражда жиналған жастардың кіші тобы құрады деген аңыз. Немесе ірі компания негізін қалаушылар сәттілікке жету үшін аптасына 80 сағат жұмыс істейтіндігі туралы аңыз. Жақсы программистер бүкіл бөлшектерге назар аудару керек деген де аңыз бар. Бұл «жетістік құпиялары» белігілі бір жүріс-тұрыс моделі туралы мифология қалыптастырады. Бірақ практикада осыны істеген адамның жетістігіне мифологияда қалыптасқан жүріс-тұрыстың еш қатысы болмауы да мүмкін. Осының салдарынан адамдар өз бойындағы темпераментті басады. Әлемге басқа Марк Цукербергтер немесе Стефан Загмайстерлер керек емес. Әлемге жаңа идеялар мен әдістер керек. Ол өзіңнің «мен» дегеніңмен келеді.

Танымал тұлғалардың өмірін қарапайым мысалдар арқылы түсіну негізінде ойдан шығарылған абстрактілі персонаж пайда болады. Қарапайым адамға ондай болу қолжетімсіз болып көрінеді. Егер де ерте жататын болсаңыз ұлы спортшы боламын деп ойлайсыз ба? Гольфші Тайгер Вудс таңғы үшке дейін қыдырып, таңертен алаңда бәрін жеңіп кете алатын. Жұмыс орнында идеалды тәртіп керек пе? Боб Диланға сыра толы жәшік пен блокнот беріп көліктің артына отырғызса, бәрібір де сізден жақсы ән жазып шығарады. Кітаптар мен мақалаларда бір нақты әрекетті істеп арманды орындаудың қыр-сыры жазылады. Себебі, танымал адамның бірі солай істеген. Бұндай мәтіндер Фейсбукте жиі оқылады және лайкты да көп жинайды. Керісінше, «жұмысқа кіріс» деген сынды жазбалар көпшіліктің назарына түспейді.

Бір адамның өміріне бір сәт қана көз жүгіртіп, жетістік кілті мына бірнеше қасиетінде деп айтуға болмайды. Бұл біздің нарратив жасау қызығушылығымызды ғана қанағаттандырады

«Х саласында жетістікке жету үшін Y жасау керек» деген тұжырымды ұсыну кезінде Талеб айтқан «жасырын куәгерлікті» ұмытамыз. Джобстың өмір салтымен өмір сүріп, компанияларының құрдымға кеткенін көргент бизнесмендер саны өте көп. Эджелоу секілді атмосфера істегенімен де, бірде бір роман шығармаған жазушылар да жетерлік. Жетістіктің кепілі ретінде ұсынылатын әдеттер жазылған кітаптар мен мақалаларда сәтсіздік туралы аз айтылады. Ал шын мәнісінде мысалдар өте көп. «Қара аққуға» оралатын болсақ: «Шартты түрде, ХІХ ғасырдың танымал романисті Оноре де Бальзактың сәттілігін «реализм», «көрегендігі», «сезімталдығы», «мінездер айырмашылығын жеткізе білу қабілеті», «оқырманды қызықтыра алу» сынды қабілеттерімен байланыстыруға болар. Бұл қабілеті жоқ адамдар үшін керекті шарттар ретінде есептеледі. Ал егер де осындай тамаша оншақты шығарма болса, бірақ бізге жетпей қалса ше? Осындай керемет еңбек шынымен де болып, бірақ уақыт өтісімен жойылып кетсе, Бальзак өзінің бәсекелестерінен тек сәттілігімен ғана ерекшеленетін болып тұр. Бальзак алдында бас ию, басқаларға жасаған әділетсіздігіңіз. Мен мүлде Бальзак дарынды емес деп айтпадым, жеткізгім келгені, ол басқалардан бірегей емес болып шығады. 

Басқаның өміріне бір сәт көз жүгіртіп, жетістікті адам бойындағы бірнеше ғана қасиетке байланыстыруға болмайды. Бұл тек нарративке деген қажеттілікті өтейді. Ал нарратив арқылы жеңілдету игілікке әкелмейді. Жетістік тек сәттіліктің еншісі деп айтқым келмейді. Негізі сәттілік ешқашан кедергі келтірмейді. Бірақ санаулы ғана пайдалы кеңестер артынан еріп жетістікке жетемін деп ойлау, кітаптың соңғы бетіне қарап, барлығын оқып шықтым дегендей. Өмір – қиын нәрсе. Ал жетістікке жеткізетін жол ауыр, әрі ұзақ. Ол қара лабиринтке ұқсайды. Лабиринтті өз жолыңмен өтіп шығу керек. Әрине, өте қиын бірақ қызығырақ.

Дайындаған: Әлібек Қисыбай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға