royal.uk

Ұлыбритания патшайымы 96 жасында өмірден озды

09.09.2022 00:07
70 жыл билік басында отырған Елизавета ІІ Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Букингем сарайының баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Патшайым бүгін күндіз Балморалда қайтыс болды. Король мен патшайымның консорты бүгін кешке Балморалда қалып, ертең Лондонға оралады, - делінген хабарламада.

Елде 12 күн қатарынан аза тұту күні деп жарияланды.

Бұған дейін бүгін таңертең ІІ Елизавета патшайым денсаулығының нашарлауына байланысты дәрігерлердің бақылауына алынғаны хабарланған.