Жаңалықтар

Ұлы Жібек жолы мәдениетіндегі діни бастамалар

Ұлы Жібек жолы мәдениеті дәстүрін жалғастырып, Қазақстан терри-ториясында ғасырлар бойы әр түрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт, келісімді өмір сүріп келгені, Қазақстанның діндер тоғысатын қасиетті нүктеге айналғаны тіпті де кездейсоқтық емес.
27.05.2015 12:40 20084

Ұлы Жібек жолы мәдениеті дәстүрін жалғастырып, Қазақстан терри-ториясында ғасырлар бойы әр түрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт, келісімді өмір сүріп келгені, Қазақстанның діндер тоғысатын қасиетті нүктеге айналғаны тіпті де кездейсоқтық емес. Геосаяси жағынан алғанда, еуразиялық кеңістік, Шығыс пен Батыстың арасы түркілік, мұсылмандық және славяндық, еуропалық мәдениеттердің тоғысқан жері.

Қазақстандағы діни төзімділік пен сұхбаттың ежелден келе жатқан дәстүрі бар. Осы сипатта VI-IX ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы түркі халықтарындағы діни еркіндік пен тоғысудың маңыздылығын атап өткен жөн. Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өң бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихының басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да, ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орынының үлкендігі соншалықты, діндердің негізін түсінбей жатып, сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымды қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйеқұрастырушы факторы деп анықтауға болады. Бұрынғы кезеңдерде әлем халықтары қазіргідей емес бір-бірінен көп алыс, томаға тұйық өмір сүрді десе де болады. Сондықтан олардың ұстанатын діндері де өзіндік сипатқа ие болды. Тұңғыш болып өзі туған ортасынан шығып, басқа елдерде қоныс тапқан буддизм еді. Одан кейін христиан діні де кең тарай бастады. Үшінші дүниежүзілік дін – ислам өзі дүниеге келген жерде тұрақтанып қалғанымен де, басқа елдердің рухани аясына еніп те үлгерді. Мәдениет өзінің көптүрлілігімен және мүмкіншілік молшылығымен құнды. Бүгінгі таңда әлемде көптеген діни бірлестіктер, конфессиялар және одан да мол тілдер, ұлттық мәдениеттер кездеседі. Қазіргі күні дін қандай жолмен дамиды, діннің мәдениеттің басқа салаларымен ара байланысы қай түрде жүргізіледі деген сұрақтарға біржақты жауап табу қиын. Ең бастысы, қай елде болмасын, қай мәдениетте болмасын ар-ождан еріктілігі қамтамасыз етіліп, басқа дінді ұстанушыларға төзімділік танытылса және де діндер «жабулы қазан» күйде қалмай, бір-бірімен тепе-тең сыйластық рухындағы сұхбатқа түссе болғаны.

Батыс пен Шығыстың қосарлы ықпал аймағында орналасқан Қазақстан үшін мәдениеттер мен діндер сұхбаты идеясының берері мол. Сұхбат ықпалы аймағында орналасқан Қазақстан үшін сұхбаттылық, адамдар арасындағы сыйластылық өмір салты болып кететін. Олар үшін құқықтықта, қара күш те адамдар бірлестігінің негізі бола алмайды. Олардан биік тұрған құндылықтар – сұхбатты қалыптастырушы сүйіспеншілік, төзімділік, мәміле-келісім болып табылады. Аталған құндылықтар кереғарлықты болдырмай, әлемде бейбітшілікті қалыптастыру үшін барын салады. Сондықтан болар әлемдегі діндердің барлығы дерлік жаңағы құндылықтардың өмірде терең тамыр алуы үшін қолдан келгенін аямады. Тарихи-мәдени феноменнің орталық нүктесінде нақты жеке тұлға орналасқан, өйткені тек сол ғана адамзат мәдениетінің субъектісі болуға жаралған. Адамның жеке басының құндылығы оның белсенді сұхбаттылық болмысынан туындайды. Тек сұхбат жолында ғана адамның рухани өсуі, тарихтың, өмірдің мәнін түсінуі айқындалады.

Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі еуразиялық көшпелілердің төлтума дүниетанымдық діни жүйесі тәңіршілдік мәдени сұхбат пен синтезге ашық болды деген ұстанымды қолдайды. Бұл Ұлы Жібек жолы мәдениетінің бір сабағына жатады және ол ежелгі түркілер діндерінен бастау алады.

Түріктердің ең үлкен құдайы Тәңірі – Көк, аспан құдайы болды. Күн мен ай, жұлдыздар да сол Көк тәңірінің ең жақын көмекшілері, жер құдайы,  табиғат, жаратылыс иесі – Алтай болады деп, оған да құрмет көрсетілді. Жыл сайын 5 айдың орта шенінде ру-ұлыс адамдары жиылып аспан рухтарының құрметіне құрбан шалып, жалынып, жалбарынды. Ертеде Саян тауын мекендеген угралардың туысы нгасандарда да күнге табыну бертінге дейін сақталған. Олардың түсінігінше, көк аспан ең үлкен құдай, күн қызметшісі, күн сәулесі – сансыз жіп, әлемдегі өсімдіктерді қоректендіріп, оны аспан құдайымен байланыстырып тұрады-мыс. Ертедегі түркілердің Көк тәңірі, күн туралы ұғым-нанымдарды басқа да халықтардың нанымдарына ұқсас болған, осы да Ұлы Жібек жолы мәдениетінде өз жалғасын табады.

Сақтар мен савроматтардағы отқа табыну ғұрпы о баста күнге табынудан шыққан. Күн мен от зұлым, қас күштерден қорғап, тазартады деген ұғыммен молаларды өртеп тазарту әдеті савромат, сақ зираттарынан көп кездеседі. Ғұндар мен үйсіндер, сақтар қабірлерінен жиі шығатын қызыл бояу сол қасиетті күн мен оттың символы болған. Тотемдік және магиялық ескі түсініктер тұмарлар асудан тасмоншақтар қадау, киімге құс қауырсындарын тігіп алудан, ұлу, жылан бас сүйектерін тағудан байқалған.

Скифтердің де, ғұндардың да өмір салтында жауынгерлік асқақ рух күшті дәріптелген. Сондықтан да толып жатқан наным-сенімдер сақ-ғұн қоғамының тірегі – жауынгерлердің соғыс қабілетін, соғыстағы жеңіске деген сенімін нығайтуға қызмет еткен. Мұны Геродот жазатын скиф жауынгерлерінің әдеттегі тұрмысынан көруге болады. Геродот: скиф заңы бойынша жауынгер өлтірген жауынының басын патшаға әкеліп сыйлық алады. Одан кейін жауының бас терісін сыпырып илейді де, бет орамал жасайды, – деп жазады. Өлген адамның қол терілерімен қорамса

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға