El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Lufthansa компаниясы Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтатады

Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанға бағытталған рейстерін уақытша тоқтату туралы ресми ақпарат таратты. Әуе рейстері 2025 жылғы 26 қазан мен 2026 жылғы 29 наурыз аралығында тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Рейстердің уақытша тоқтатылуына бірнеше себеп әсер еткен:

Әскери қақтығыстар салдарынан Ресей Федерациясының әуе кеңістігін айналып ұшу қажеттігі компания шығындарының едәуір артуына себеп болды.

Әуе кемелерінің жетіспеушілігі және жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің жеткізілуіндегі кешігулер де рейстердің қысқаруына әсер етіп отыр. Қазіргі таңда көптеген халықаралық авиакомпаниялар өндірістік кідірістерге байланысты өздерінің ұшу жоспарларын қайта қарап жатыр. Маусымдық жолаушылар ағынының төмендеуі - қазіргі уақытта көптеген халықаралық әуе компанияларына тән ортақ құбылыс. Соған қарамастан, Астана және Алматы қалалары арқылы орындалатын рейстер сақталады. Бұл шешім компанияның бағыттар бойынша жүктемені оңтайландыруға бағытталған ішкі стратегиялық саясатына сәйкес қабылданған, - делінген Көлік министрлігінің ақпаратында.