Жаңалықтар

Ұлттық жаңғыру мектебінде «Туған жер» атты бағдарлама өткізілді

Ұлттық жаңғыру мектебінде «Туған жер» атты бағдарлама өткізілді
17.04.2018 04:47 2038

Жуырда Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекетік мекемесінің акт залында Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебіндегі шешен-ингуш мәдени орталығының қатысушылары «Туған жер» атты есептік шығармашылық бағдарламасын халыққа ұсынды. Іс-шара Қазақстан халқы бірлігі күніне және Павлодар облысының 80 жылдығына орайластырылды. Мереке барысында әдемі әндер, туған жерге арналған тақпақтар және вайнах халқының әсерлі билері орындалды.

Мектептегі бөлімше және «Халкъян Барт» облыстық шешен-ингуш мәдени орталығының жұмысы нітижесінде тарихи отанынан жырақта тұрмыс кешіп жатқан шешендер мен ингуштар бабалар тілін, ұлттық салт-дәстүрлерін ұмытпай, еліміздегі халықтың бірлігін арттыруға, мемлекеттік ұлттық саясаттың жандануына өз үлестерін қосып отыр.

Басты назар жастардың тәрбиесіне бағытталады. Бұл міндетті ұлттық жаңғыру мектебінің бөлімшелері нәтижелі орындауда. Мектепте балаларға халық мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, тілін меңгерулеріне толық жағдайлар жасалған, балаларды бірге өмір сүруге, бір-бірін сыйлауға, сонымен бірге, жетістіктерімен бірге бөлісуге үйретеді. Тәжірибелі мұғалімдер балаларды мәдениетті сыйлайтын елдің патриоты болып өсулеріне жағдай жасауда. Ал барлық жетістіктерін балалар мектеп, қала, облыс деңгейіндегі түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларында халық назарына ұсынып отырады.

Мереке барысында «Илли» вокалды және «Фирдаус», «Башлам», «Даймохк» би ұжымдры, сонымен қатар «Фирдаус» триосы көптеген әндер мен мың бұралған билерін орындады.

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға