Жаңалықтар

Ұлттық киімдерді насихаттау жұмысы жанданады

Ұлттық киімдерді насихаттау жұмысы жанданады
02.03.2018 05:31 3441

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Скаковтың наурыз мейрамын мерекелеудің күнтізбелік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бағытында 2 наурыз күні Достық үйі ғимаратында кеңес өткізді.

Алдағы жоспар бойынша Ұлттық киімдер күні аясында әр ұлттың киімдерін насихаттау мақсатында кең көлемді іс-шарасы өткізілмек. Аталған шараға 21 этномәдени бірлестіктері мен Ақтау қаласының мектептерінен 200 оқушы қатысты. Мерекелік іс-шарада  қонақтарға арнап, этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары ән салып, би билеп оқушылардың көңіл күйін бір серпітіп тастады.

Шара аясында этномәдени бірлестік төрағалары өздерінің ұлттық киімдерін және олардың ерекше үлгіде тігілген ою-өрнектері туралы әңгімелеп, оқушылар әр-түрлі ұлттың киімдерімен танысып, көптеген мәліметтер алды.  

Сонымен қатар шара соңында оқушылар Достық үйі мұражайында 21 этномәдени бірлестіктердің көрме жәдігерлері сақталған ескі құндылықтары және ұлттық киімдерімен танысып, сетелік суреттерге түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға