Жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні дүниеге келген сәбилерге домбыра сыйға тартылды

Ұлттық домбыра күні дүниеге келген сәбилерге домбыра сыйға тартылды
02.07.2018 03:22 2246

Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық домбыра күнін белгілегені туралы жарлық 13 маусым күні Ақорда сайтында жарияланды.

Жарлықта бұл күннің «Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында» аталып отыратыны жазылған. Биыл Ұлттық домбыра күні 1 шілдеге сәйкес келді. Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Осыған орай Орал қаласындада бұл мерекені кеңінен атап өтті. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы өтті. Қазақтың ұлттық аспабы-домбыраны дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және өркендету идеясының айналасына қоғамды одан әрі біріктіру. Халықтың дәстүріне және ұлттық домбыраға құрметті көтермелеу.

Аталған шараға, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың басшылығымен делегация құрамы 1 шілде - Ұлттық домбыра күні босанған аналармен кездесіп, салтанатты түрде әр сәбиге домбыра, ұлттық аспабын және  құттықтау ашық хаттарымен гүлдер табыстады.

Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұлов, БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ. Қапақов, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелері, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға