Жаңалықтар

Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді

Соңғы уақытта валюта нарығында ресейлік рубльдің нығая түскені байқалды
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Фото: 24.kz 24.06.2022 20:52 1075

ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк рубльдің нығаю себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның пікірінше, рубльдің шетел валюталарына, оның ішінде АҚШ долларына қатысты нығаюы импорттың төмендеуімен және капитал қозғалысын бақылау бағытында енгізілген шаралармен байланысты.

«Маусым айының басынан бастап рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды. Рубль/теңге бағамын белгілеуде ең алдымен теңге мен рубльдің долларға қатысты жеке қалай әрекет ететіні ықпал еткенін атап өткім келеді. Рубль әлемдік нарықта долларға қатысты нығайып келеді, сондықтан рубль/теңге бағамының өсуі жалғасуда», дейді Ұлттық банк өкілі.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға