Жаңалықтар

Ұлттық аза тұту күнінде нені ескерген жөн?

9 маусым ұлттық аза тұту күні
09.06.2016 06:48 5220

Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусым ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Суреттің авторы — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Ұлттық аза тұту күні — қайтыс болған азаматтардың қазасын қайғыру рәсімі. Ұлттық аза тұту күнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Сонымен, ұлттық аза тұту күнін қалай өткізу керек?

Ұлттық аза тұту күнінде нені ескерген жөн?

Ұлттық аза тұту күнінде Республика бойынша барлық ойын-сауық іс-шаралар кейінге шегеріледі.

Ұлттық аза тұту күнінде нені ескерген жөн?

Бұл күні марқұм болған азаматтардың игі істері, қайырымдылығы еске алынып, бір минуттік үнсіздік жарияланады.  

Ұлттық аза тұту күнінде нені ескерген жөн?

Әбестік сөздер айтуға, күлкі-дабыра туғызуға тыйым салынады.

Ұлттық аза тұту күнінде нені ескерген жөн?

Бүкіл ел болып қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, аза тұту арқылы олардың қайғысын бірге бөлісу қажет.

Ұлттық аза тұту күнінде нені ескерген жөн?

Мемлекет бойынша барлық БАҚ-тың бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, жарнама көрсету тоқтатылады. 

 

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың мәлімдемесі:

Ұлттық аза тұту күнінде нені ескерген жөн?

Қымбатты отандастар! Өткен жексенбіде Ақтөбе қаласында діннің атын жамылған бір топ террорист елдің тыныштығын бұзды. Ол туралы баршаңыз білесіздер. Бірақ, мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталар сәтте қанды қылмыс жасағандардың арам ниеттері іске асқан жоқ. Құқық қорғау және қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері үлкен қатердің бетін қайтарды. Террористердің көпшілігінің көздері жойылды, бірқатары қолға түсті, қалғандарын тиісті органдар іздеп тауып, олар заңның ең қатаң талаптарымен жазаға тартылатын болады. Қазір халықтың алаңдауына ешбір негіз жоқ, жағдай толық бақылауға алынды.

Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен ертеңгі бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болғандардың артында отбасы, бала-шағалары қалды. Менің тапсырмам бойынша, оларға барлық қажетті көмектер жасалуда.

Тәуелсіздікті жариялау бар, ал оны қорғап, нығайту және дамыту одан да жауапты іс. Ел бірлігі, ішкі тыныштық сол үшін керек. Мен мұны ылғи айтып келемін. Ел ішіне бүлік салудың, «түсті революциялардың» талайын басқа елдерден көріп, біліп отырмыз. Ол лаңкестік әрекеттерден, көшеге шығып шулаудан басталады. Одан конституцияға қарсы шығады да, аяғында мемлекет күйреп, халық аш-жалаңаш қалады. Мұның бәрін біз көріп, біліп, байқап отырмыз.  

Біріншіден, біз кез-келген сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруымыз керек. Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Екіншіден, елдігімізге сына қағатын зұлымдықтардың ымырасыз жолын кесуіміз қажет. Ел тыныштығын сақтамасақ мынадай әлемдік дағдарыстан өте алмаймыз. Сондықтан барша халық болып бірігіп, елді сақтауды ойлауымыз керек.


Рүстем ӘЛПИ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға