Ұлттық құрылтай тағдыршешті бағыттарды анықтап бермек – сарапшы
15.06.2022 15:12
Фото:
strategy2050.kz
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Талғат Қалиевтің пікірінше, егемендігіне 30 жыл толған жас мемлекетіміз үшін Ұлттық құрылтай тағдыршешті бағыттарды анықтап бермек.
– Ұлттық құрылтай құрамына қоғамның әр саласының білгір мамандары жұмылдырылады. Соның арқасында еліміздің даму бағытына қатысты қоғамның әр мүшесінің пікірі ескеріледі. Рас, бізде Парламент бар, Үкімет бар, бірақ олардың өз алдына шаруасы көп. Ал Ұлттық құрылтай барша қазақстандықтарды бір мақсат-мүдденің астында жұмылдыратын болады,- дейді саясаттанушы Талғат Қалиев.
Президенттің пәрменімен құрылған Ұлттық құрылтайдан үміт көп, артылатын жүгі де ауыр. Жұмыстың нәтижесін уақыт көрсетеді дегенге саяды сарапшының пікірі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

