Астана қаласы әкімдігі

LRT құрылысы: Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі уақытша жабылады

24.10.2025 02:25

Сығанақ көшесіндегі LRT жабық жаяу жүргіншілер өткелінің учаскесінде (МБК «Абу Даби Плаза» ғимаратынан «112 станциясы» ғимаратына дейін) құрылыс ағаштарын бөлшектеу және материалдарды шығару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бөлшектеу жұмыстары 23 қазан күні сағат 12:00-ден 25 қазан күні сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

Жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Сығанақ көшесінің оңтүстік жағы – Ақмешіт және Түркістан көшелерінің қиылысындағы учаскеде көлік қозғалысы толық шектеледі.