Лос-Анджелесте өрттен қайтыс болғандар саны 24 адамға жетті
13.01.2025 09:56
Фото:
Видеодан алынған кадр
Лос-Анджелестегі алапат өртті ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Күн өткен сайын зардап шеккендер мен қайтыс болғандар саны да артып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ABC News мәліметінше, бүгінгі таңда өрттен көз жұмғандар саны 24 адамға жетті.
Итон ауданында 16 адамның, Пасифик-Палисейдс ауданында тағы сегіз адамның көз жұмғаны расталды. Қайтыс болғандардың жеке басын анықтау мүмкін болмады. Тағы кем дегенде 13 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Билік қайтыс болғандар саны әлі де артуы мүмкін деп отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

