Жаңалықтар

"Лондоннан оралғанда «Біз» деген концерт беремін". Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығады

"Лондоннан оралғанда «Біз» деген концерт беремін". Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығады
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva 11.04.2023 18:44 3366

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева жеке өмірінде жақсы жаңалықтың бар екенін жұртшылықпен бөлісті. Бұл туралы ол “Ұйқым келмейді” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

“Менің осыдан сегіз жыл бұрын берген концертім “Сен ғана…” деп аталады. Жақында Алматыда өткен концертім “Мен…” болса, енді Лондоннан күйеуіммен қайтып оралғанда «Біз» деген концерт беремін. 

Әнші сүйіктісі туралы ашылып айтудан бас тартты. Алайда сөз арасында өнер иесін күйеуі сұхбаттарға апарып жүргені белгілі болды.

Жақында әнші жоспардан тыс болғалы жатқан ән кеші жайлы жазба жариялады. Желіге орамалмен түскен суретін жүктеген ол тыңдарманын қызықтырып қойды.

“Кеш жарық достар! Қалдарыңыз қалай? Оразаларыңыз қабыл болсын. 14 наурыз Алматы қаласында жеке концертімді беріп, енді Лондонға оқуға кеткенше (Келін болғанша, келін алғанша) уақытым бар болған соң, Астана қаласында да “МЕН…” атты концертімді берсем деген шешімге келдім”, – деп жазды өнер жұлдызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға