Жаңалықтар

ЛОНДОННАН НҰР-СҰЛТАНҒА ДЕЙІН: 6 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗ 6000 ШАҚЫРЫМДЫ 68 КҮНДЕ ЖҮРІП ӨТТІ

ЛОНДОННАН НҰР-СҰЛТАНҒА ДЕЙІН: 6 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗ 6000 ШАҚЫРЫМДЫ 68 КҮНДЕ ЖҮРІП ӨТТІ
07.07.2019 15:01 4811

Ұлыбританияның Лондон қаласынан бастау алған «Beibitshilik jane birlik. Peace and unity» халықаралық веложарысын қарсы алу салтанаты өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақ географиялық қоғамы» Kazakh Geographic Society» қоғамдық бірлестігімен бірге ұсынған бұл жоба Қазақстан Республикасының жастар жылына орайластырылған.

WhatsApp Image 2019-07-10 at 5.50.24 PM.jpeg

Веложарыстың мақсаты – Қазақстанның атын әлемге паш ету, туризм мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпаққа мәдени және патриоттық тәрбие беру.

Халықаралық веложарыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай Лондон қаласында бастау алған болатын.

Лондоннан команданы Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен, Лондонда тұратын қазақстандық жерлестеріміз бен студенттер шығарып салды.

Жоба қазақ халқының бағзы заманнан келе жатқан қонақжайлығын, ашықмінез, доскөңіл, кеңпейілдігін паш етеді.

Веложарыс командасы Қазақстанда тұрып жатқан әртүрлі этностардың алты өкілінен жасақталған. Олар: қазақ геграфиялық қоғамы жобасының менеджері, топ басшысы Даулет Омаров, триатлоншы, жартылай марафоншы Азамат Атантай (әуесқой лигада хоккей ойнайды, спорттық шараларға атсалысушы), велобелсенді, спорттық шараларға атсалысушы Марина Варибрус, Дилмурат Рахматулаев (жаяу жарысқа қатысып, триатлонмен шұғылданады, мақсаты - 2019 жылғы 14 шілдеде IRONMAN 70.3 Astana-ны бағындыру, қаржы саласында қызмет етеді, салауатты өмір салтын ұстанушы), outdoor фотограф-оператор Балжан Балташева («Хабар» және «Хабар 24» телеарналарында жұмыс істеген, спортпен шұғылдануды ұнатады), спортсүйер, әуесқой-триатлоншы Михаил Лим.

46ba5416-818f-4182-a24a-104d934d0bde.jpg

Бүгінгі күнге дейін команда экологиялық таза көлік – велосипедпен 6000 шақырым қашықтықты 55 қала мен 7 ел: Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Германия, Польша, Беларусь, Ресей арқылы жүріп өтті. Әрбір аталып өткен елдердегі Қазақстан елшіліктерінде ҚР СІМ қолдауымен: Брюссельде – 3 мамырда, Гаагада – 5 мамырда, Берлинде – 14 мамырда, Варшавада – 21 мамырда, Минскіде – 27 мамырда және Мәскеуде – 10 маусымда БАҚ өкілдерінің, сондай-ақ сол елдерде тұрып жатқан қазақстандық азаматтардың қатысуымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Брюссельде команданы дипломаттар, қазақ диаспорасы, студенттер, сондай-ақ жергілікті велоспорт өкілдері мен журналистер қарсы алды. Қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетуге 1935 жылы құрылған Бельгияның «Royale Amicale Cycliste Uccle» корольдік вело-клубының мүшелері де келді.

Клуб президенті Роберт Моерман команда мүшелерін халықаралық веложарыс қатысушыларына бұған дейін табысталып жүрген «КазГео» раритеттік медалімен марапаттады.

b788ba04-e489-435c-8910-84733a799064.jpg

Гаагада дипломаттармен, қазақстандық студенттермен және голландиялық чемпион-велошабандоз Жак Ханеграафпен кездесу өтті.

Минск қаласындағы велоспорт федерациясы өкілдерімен өткен кездесуге даңғылдық велосайыстың командалық жарысы бойынша 1990 жылғы әлем чемпионы И.Г. Потенко келіп, қатысушыларға қолдау білдірді.

Бобруйск қаласында велоқауымдастықпен қысқамерзімді кездесу өткізілді. «Әлем және ынтымақ» веложарысы онлайн режимінде әлеуметтік желілер арқылы көрсетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға