© Depositphotos.com / iskrinka1986

Лондонды телефон ұрлығы бойынша Еуропада көшбасшы қала атанды

15.10.2025 19:13

Ұлыбритания астанасы соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған смартфон ұрлығының толқынымен бетпе-бет келді. The New York Times басылымының хабарлауынша, 2024 жылы Лондонда 80 мың телефон қолды болған – бұл 2023 жылмен (64 мың ұрлық) салыстырғанда айтарлықтай өсім. Осы жағдайдан кейін полиция қылмыстық топтарға қарсы кең ауқымды операция бастады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Басылым дерегінше, қаскөйлер көбіне электровелосипедтермен жүрген күйі көшедегі адамдардың қолынан телефонды жұлып алып, қашып кетеді. Кейін бұл құрылғылар арнайы дүкен желісі арқылы шетелге жөнелтіледі. Жуырда өткен рейд кезінде тәртіп сақшылары шамамен 2 мың ұрланған телефонды және 200 мың фунт стерлинг (шамамен 267 мың доллар) қолма-қол ақшаны тәркіледі. Сондай-ақ қылмыстық топтың ұйымдастырушылары ұсталып, олардың ұрланған телефондарды іздеу сигналын бұғаттау үшін алюминий фольга пайдаланғаны анықталды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай қылмыстардың көбеюіне 2010 жылдары полиция қаржыландыруының қысқаруы және электровелосипедтердің кең таралуы себеп болған. Лондон университетінің криминология профессоры Эммелин Тейлордың пікірінше, ұсақ қылмыскерлер жазасып қалып жатыр.

Лондон полициясы да мәселенің күрделі екенін мойындап отыр. Жыл ішінде тіркелген 106 мың ұрлықтың тек 495-і ғана айып тағуға жеткізілген. Бұл ұрылардың басым бөлігі жауапкершіліктен оңай құтылып жатқанын көрсетеді.

Осылайша, әлемнің ең ірі мегаполистерінің бірі болған Лондон цифрлық дәуірдің жаңа қауіп-қатеріне тап болып отыр – смартфон ұрлығы енді жай ғана қалтақалдық емес, әлеуметтік індетке айналды.