Жаңалықтар

Лиз Трасс отставкаға кетті

Англияны қай Премьер-Министр ұзақ жыл басқарды? Лиз Трассаның небәрі 44 күн қызметте болуының себебі неде?
Лиз Трасс отставкаға кетті
Фото: lenta.ru 21.10.2022 17:20 1860

Англия Премьер-Министрі Лиз Трасс небәрі 44 күн қызмет етті. Бұған дейін жоғары қызметті ең қысқа уақыт атқарған рекорд Джордж Каннинг тиесілі еді. Ол 119 күн басшылық міндетті атқарған-ды.

 Тарихқа көз салсақ, Англияның ұзақ жыл басқарғандар арасында Маргарет Тэтчер көш бастап тұр. Ол 11 жыл 208 күн Премьер-Министр қызметінде болды. Одан кейін Тони Блэр 10 жылы 56 күн басшылық қызметті атқарды. Әйгілі Уинстона Черчил 8 жыл 239 күн үлкен саясатта ағылшындардың мұрат-мақсатын қорғады.

Англияның көптеген Премьер-министрлерінен айырмашылығы, Трасс өз қызметін жалпы парламенттік сайлаудың нәтижесімен емес, партияішілік дауыс беру бойынша қабылдады.

Борис Джонсонның билігі әлемде коронавирустік инфекцияның таралуы, Шығыс Еуропадағы әскери қақтығыс, санциялық теке-тіріспен тұспа-тұс келгені белгілі. Тығырықтан шығудың жолы ретінде – салықтың мөлшерін көбейтуді ұстанды. Сөйтіп, түскен қаражатты ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдауға бағыттауды ойлады. The Guardian атап өткендей, британдықтар үшін бұл салық ауыртпалығы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңмен тең болды.  

Трасс қыркүйек айының соңында салықтың өсуін жойды, алайда тығырықтан шығуда аздық етті. 

Сарапшылар Лиз Трассның биліктен кетуіне басқа да маңызды себептер бар екенін алға тартуда. Бұл туралы ресми ақпаратты күтеміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға