Жаңалықтар

«Ливерпуль» бапкері «Барселонаның» тізгінін ұстауы мүмкін

«Ливерпуль» бапкері «Барселонаның» тізгінін ұстауы мүмкін
Фото: instagram.com/liverpoolfc 07.02.2024 14:45 1223

«Барселона» президенті Жоан Лапорта мен клубтың спорттық директоры Деку бас бапкерге қатысты ортақ шешімге келе алар емес, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

AS мәліметінше, Лапорта командаға тәжірибелі, әбден сынақтан өткен маманды шақырғысы келсе, Деку жаңа мүмкіндіктерге ұмтылуға дайын, қиындықтарға тез бейімделіп, карьерасында үлкен қадам жасағысы келетін бапкерді құп көреді.

Әзірге президенттің басты үміткері ретінде Ганс-Дитер Флик айтылса, спорттық директор Сержиу Консейсауды көздеп отыр. Себебі Флик қазір жұмыссыз жүр, тиісінше бапкерді сатып алуға қаржы жұмсаудың қажеті жоқ. Маманның өзі де испан тілін үйрене бастаған.

Сонымен қатар Лапорта Томас Тухель, Юлиан Нагельсман мен арманындағы Хосеп Гвардиола және Юрген Клоппты ұсынып отқан көрінеді. Клопп бір жыл демалыс аламын дегеніне қарамастан, каталон клубында жұмыс істеп көруге қарсы емес секілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға