Литва чемпионы ҚПЛ клубына ауысты
Фото: instagram.com/optibetalyga
Фото: instagram.com/optibetalyga
29.06.2023 07:42
890
Қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен карьерасын Қарағандының «Шахтер» клубында жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
23 жастағы футболшы Қарағанды клубының сапына жақын арада қосылады.
Қашкен 2022 жылы да кеншілер сапында өнер көрсеткен. 2022 жылдан бері ол Литва чемпионы әрі Кубок иегері «Жальгиристе» өнер көрсетіп келді.
Сонымен қатар «Астана», «Қайсар», «Жетісу» және «Ақтөбе» клубтарында ойнаған.
Бұған дейін футболдан ел біріншілігінде ойыншылардың жазғы трансферлік мерзім басталғанын жазғанбыз.
Жазғы трансфер уақыты 26 маусымда басталып, 24 шілдеде аяқталады. Осы аралықта командалар жаңа ойыншыларды тіркей алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға