Лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселер туралы қайда хабарлау керек
Туризм және спорт министрлігі заңсыз ойын бизнесімен, оның ішінде лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселермен және интернет-казинолармен күресті күшейтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда казино мен интернет-казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға заңнамалық лицензияларынсыз ойын бизнесін жарнамалауға қатаң тыйым салынған.
Осыған байланысты ойын бизнесіне бейжай қарамайтын ел тұрғындарынан белсенді азаматтық ұстаным көрсетулерін және интернет-казинолардың, «қара» букмекерлік кеңселердің және заңсыз құмар ойындар мен бәс тігудің басқа да ұйымдастырушыларының сайттарын анықтаған жағдайда URL-сілтемелерді, ілеспе материалдарды (фотосуреттер, скриншоттар) мына мекенжайлар бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:
1. Электронды пошта stop_online_casino@mail.kz
2. WhatsApp мессенджер +7 707 907 15 07
Қысқа сілтеме: https://wa.me/message/47IZQWTOEYQWF1
3. Telegram бот @stop_online_casino_bot
Қысқа сілтеме: https://t.me/stop_online_casino_bot
Сонымен қатар төмендегі сілтемеде ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына ие субъектілердің тізімдері, яғни өз қызметін заңды түрде жүзеге асыратын субъектілердің тізімдері орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/activities/30029?lang=ru&parentId=29976