Лионель Мессидің клубы қатарынан екінші рет жеңіске жетті
26.07.2023 11:30
Фото:
Instagram/intermiamicf
АҚШ-тың «Интер Майами» клубы Лионель Мессидің көмегімен қатарынан екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Лига кубогының екінші турында Флорида командасы «Атлантаны» ірі есеппен жеңді – 4:0.
Оқи отырыңыз:
- Француз тілінде Рахмоновқа арналған рэп шықты
- Жарықсыз қалғандарына ашынған Қонаев тұрғындары жолды жауып тастаған
Бұл матч Форт Лодердейлдегі (Майами, АҚШ) «ПНК Стэдиум» стадионында өтті. «Интер» капитаны ойынның 8-минутында есеп ашып, көп ұзамай екінші голды өз атына жазды. Бірінші тайм аяқталар тұста Лионельдің әріптесі Роберт Тэйлор есепті 3:0-ге жеткізді. Үзілістен соң аргентиналық Тэйлордың да дубль авторы атануына көмектесті.
Осылайша, «Атланта» мен «Крус Асульді» (2:1) жеңген «Интер Майами» Лига кубогының плей-офф кезеңіне шықты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

