Лионель Месси жыл спортшысы атанды
22.12.2023 15:50
Фото:
©Reuters/Kai PFAEFFNBACH
Америкалық «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси Аргентинада жыл спортшысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
36 жастағы Месси тілшілердің дауыс беруі арқылы анықталатын «Алтын Олимпия-2023» сыйлығының иесі атанды.
Лео ерлер арасында жыл спортшысы атағын төртінші рет иеленіп, өзіндік рекорд атанды. Сонымен қатар ол жыл футболшысы атанып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Месси ПСЖ сапында Франция чемпионы атанып, жазда «Интер Майами» сапын толықтырды. Жаңа клубта аргентиналық 14 матчта 11 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.
Ал қазан айында Месси сегізінші рет «Алтын допты» иеленді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

