Лионель Месси тағы бір рекорд орнатты
11.08.2023 18:25
Фото:
instagram.com/leomessi
Аргентина құрамасы мен "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси кезекті жетістікке қол жеткізді, El.kz ақпараттық агенттігі.
Transfermarkt мәліметінше, Месси 2007 жылдан бері (қатарынан 17 жыл бойы) бір жылда 20 голдан кем гол соқпайды және осы көрсеткіш бойынша жалғыз рекордшы болып табылады.
Бұған дейінгі рекорд "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналдуға тиесілі болатын. Ол 2006 мен 2021 жылдар аралығында (қатарынан 16 жыл бойы) жылына 20 голдан артық гол соғатын.
Айта кетейік, биылғы жазда Месси еркін агент ретінде "Интер Майами" сапын толықтырды. Жаңа клубтағы төрт матчта ол жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

