Жаңалықтар

Әлихан Смайылов референдумда өз таңдауын жасады

Әлихан Смайылов референдумда өз таңдауын жасады
05.06.2022 10:07 1114

Премьер – Министр Әлихан Смайылов референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №111 референдум учаскесіне сағат 7:05-те келіп таңдауын жасады.

Аталған учаскеде ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері бақылаушы ретінде қатысып жатыр. Сәлден соң шетелдік бақылаушылардың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтетіні жоспарланған.

Айта кетсек, референдум еліміздің барлық өңірінде таңғы сағат 7:00-де басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға