Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Honeywell компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

Елімізде жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі жоспарларын талқылады
Әлихан Смайылов Honeywell компаниясының басшылығымен кездесу өткізді
Фото: Үкімет 26.07.2022 19:20 1603

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Honeywell компаниясының басшылығымен – өсу қарқыны жоғары жаһандық өңірлер бойынша президент Бен Дриггспен және Түркия, Израиль және Орталық Азиядағы қарқынды өсу өңірлері бойынша президент Уйгар Доюранмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz4 Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар экономиканы декарбонизациялау, өнеркәсіпке заманауи жасыл технологияларды енгізу мәселелерін, сондай-ақ Honeywell-дің елімізде жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі жоспарларын талқылады.

Әлихан Смайылов өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азиядағы инвестициялар үшін ең тартымды ел болып қала беретінін, оған Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту және шетелдік капиталды құқықтық қорғау бойынша іске асырып жатқан шаралары ықпал ететінін атап өтті.

«Біз шетелдік серіктестер алдындағы өз міндеттемелерімізді орындауды жалғастырамыз және одан әрі ынтымақтастық үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайынбыз», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Өз кезегінде Бен Дриггс қазіргі уақытта Honeywell компаниясының Қазақстанда көмірсутектерді тұту және пластикті қайта өңдеу технологияларымен, сондай-ақ жасыл реактивті және дизель отынын өндірумен байланысты жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

«Сіздердің еліміздің аумағында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жөніндегі жоспарларыңызды құптаймыз. Осыған байланысты Үкімет аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттыруға және қажетті қолдау көрсетуге ниетті екенін атап өткім келеді», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға