Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Үкімет басшысы бүгінге дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарған Серік Жұманғариннің басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті
Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды
Фото: Үкімет 15.08.2022 20:07 885

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Премьер-Министр орынбасарының міндетін атқарушы – ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді таныстырды, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Серік Мақашұлы – жауапты және талапты адам, оның өзін осындай жауапты қызметте көрсете алатынына сенімдімін», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы экономиканы дамытуда, көрші елдермен тығыз экономикалық және интеграциялық байланысты нығайтуда сауда саласының маңызы зор екенін атап өткен.

«Министрліктің алдында маңызды міндеттер тұр. Әрине, бұл ішкі сауданы дамыту және реттеу, сауда инфрақұрылымын жетілдіру, биржалық және электрондық сауданы кеңейту», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының сөзінше, оған қоса тұтынушылардың құқығын қорғауға, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын дамытуға және ілгерілетуге, сондай-ақ техникалық реттеу және стандарттау саласындағы жұмысқа үлкен назар аудару қажет.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларын мониторингтеу және оларды тұрақтандыру жөнінде шаралар әзірлеу – қоғамдағы ерекше назар аударуды қажет ететін мәселе. Серік Мақашұлы, Мемлекет басшысының жоғары сенімін ақтайсыз деп үміттенеміз», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Ведомствоның бұрынғы басшысы Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрлігінің ұжымына бірлескен жұмыс үшін алғыс айтып, Серік Жұманғаринге жаңа қызметінде табыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға