Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесті

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесті
Фото: primeminister.kz 06.10.2022 19:24 1262

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәскеуде екінші Каспий экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөз қорытындысы бойынша Үкімет басшылары ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін айтты», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға