Жаңалықтар

Әлихан Смайылов «АрселорМиттал» басшысы Лакшми Митталмен кездесу өткізді

Лакшми Миттал тау-кен активтерін жаңғыртуға қомақты қаражат салуды жоспарлап отырғанын хабарлады
Әлихан Смайылов «АрселорМиттал» басшысы Лакшми Митталмен кездесу өткізді
Фото: Үкімет 07.09.2022 16:00 779

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «АрселорМиттал» компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар компанияның өндірісті жаңғырту және еңбек қауіпсіздігін арттыру жөніндегі жоспарларын, шығарылатын өнімді ішкі нарыққа және көрші елдерге жеткізу мәселелерін, сондай-ақ металл өнімдерін қайта балқытудың неғұрлым жоғары деңгейіне көшу перспективаларын талқылады.

Лакшми Миттал компанияның алдағы жылдары болат құю және тау-кен активтерін жаңғыртуға қомақты қаражат салуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сонымен қатар қызметкерлерді оқыту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне көбірек көңіл бөлу жоспарланып отыр.

Премьер-Министр өндірістің қазіргі қарқынын сақтап, шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту және туындаған мәселелерді шешу бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен барынша тығыз жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік өте маңызды мәселе болғандықтан, оған ерекше назар аудару керек. Осыған байланысты өндірісті дамыту және қызметкерлерді мамандандырылған оқыту бойынша компанияның инвестициялық жоспарларын құптаймыз», — деді Әлихан Смайылов. 
 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға